Болливуд жұлдызы Митхун Чакраборти Қазақстанға келеді

Sputniknews.kz
Шымкентте Чакрабортидің жаңа фильмінің кейбір көріністері үшін бекініс салынады.

Болливуд жұлдызы Митхун Чакраборти Шымкентке үнді фильмінің түсіріліміне келеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан өңірлік TVK телеарнасына сілтеме жасап.

Еуразиялық кинофестиваль директоры Мира Қарсақпаева танымал актердің тарихи фильмде түсетінін айтты.

"Сәуірде Шымкентте үнді фильмін түсіреді. Чакрабортиден басқа Рандип Худа ойнайды. Ол жас жұлдыздардың бірі. Біз XVIII ғасырдағы үлкен бекініс саламыз. Және бүкіл жерде фильм мен көріністің Шымкентте түсірілгені айтылатын болады", — деді Қарсақпаева.

Митхун Чакраборти "Танцор Диско", "Танцуй, танцуй" және тағы да басқа фильмдер арқылы белгілі. Үндістанның ең танымал актерлерінің бірі 350-ден астам кинотуындыда түскен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды