Ақмола облысының әкімдері ауылда тұрғысы келмейді

Sputniknews.kz
Ақмола облысында жеті ауыл әкімі мен бес учаскелік инспектор өздері жауап беретін аумақтан аулақ тұрғанды жөн көріпті.

Ақмола облысының басшысы Мәлік Мурзалин Көкшетауда немесе аудан орталықтарында тұратын ауыл әкімдерін сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өңір басшысы Зеренді ауданына барып, аудан әкімінің халық алдында есеп беру жиналысына қатысты. Әкімнің сын айтуына жеті ауыл әкімі мен бес учаскелік полицейдің өздеріне тапсырылған ауылдық округте тұрмауы себеп болған.

"Зерендіде немесе Көкшетауда тұрады. Өздерінің жағдайы жақсы болғандықтан, ауыл халқының проблемасын шынымен түсінбейді. Бізге жұмыс күні біткен соң тікелей міндеттіліктерін ұмытатын әкімдер мен полиция қызметкерлері керек емес", – деді Мәлік Мурзалин.

Бұл жайтты реттеу үшін өңір басшысы аудан әкімі, облыс әкімінің аппараты басшысы, ішкі істер департаменті басшысына тапсырма берді. Кездесудің аяғында Мәлік Мурзалин Зеренді ауданының даму әлеуеті жоғары екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды