Қарағанды облысында шашылып жатқан медициналық қалдықтар табылды

Sputniknews.kz
Жойылмаған медициналық қалдықтар жергілікті тұрғындардың үрейін туғызады.

Қарағанды облысында шашылған медициналық қалдықтар қай мекемеге тиесілі екені тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Астана арнасы.

Бұған дейін жергілікті халық қолданылған шприц, ампулалар, бір реттік гинекологиялық айналардың жойылмай, шашылып жатқанын хабарлаған еді. Тұрғындар бұл жайтты видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге де салған болатын.

"Әзірге нақты қай мекеменің заң бұзғаны белгісіз. Қазіргі таңда құзыретті органдар тексеру жүргізіп жатыр. Осы жұмыстардың нәтижесі белгілі болғанда, біз өзіміздің жоспардан тыс жұмысымызды бастаймыз", — дейді Қарағанды облысы қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің бөлім басшысы Ләззат Секербаева.

Мамандардың айтуынша, аймақта қолданылған медициналық құралдарды жоятын 3 ұйым бар. Олар қалдықтарды арнайы қораптарға салып, шағын зауыттарда санитарлық талаптарға сай жоюы тиіс.

Ал заттарды шашып кету — түрлі жұқпалы аурулардың таралуына әкелуі мүмкін. Тұрғындар ауыл маңында осындай үш бірдей аумақ бар екенін айтады. Әрі бұл жерлерде мал жайылатын көрінеді. Жұрт дабыл қаққан соң, жергілікті полиция тексеруге кіріскен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты