Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты
Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 13 мамырда Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы елдегі 2026 жылдың бірінші тоқсанына арналған жалақы туралы жаңартылған мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Статистикалық деректерге сәйкес, 2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан бойынша орташа айлық атаулы жалақы 461 486 теңгені құрады.
2025 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 109,1%-ды, нақты мәнде – 97,7% өсті. Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2026 жылғы I тоқсанда бағалау бойынша 331527 теңгені құрады. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
2025 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі:
- ауыл, орман және балық шаруашылығы – 20,3%,
- қаржы және сақтандыру қызметі – 18,1%,
- сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 16,5 %, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 14,7%,
- көлік және жинақтау – 12,9%,
- өнеркәсіп – 11,6% салаларында байқалды.
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде орташа айлық жалақы – 7,0%-ға, білім беру – 4,2% өсті.
Өңірлік бөліністе 2025 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2026 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі:
- Абай облысында – 14,2%,
- Павлодар облысында – 12,4%,
- Жетісу облысында -12,2 %,
- Алматы облысында – 10,9% және Алматы қаласында – 10,7 % -ды құрады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript