Семейде пандусы жоқ мекемелерге 400 АЕК айыппұл салынады

парадныйпетербург.рф
Бүгінгі күні Семейде мүмкіндігі шектеулі жандар жиі баратын 370-тен аса нысан бар.

Семейде енді пандусы жоқ мекемелерге 400 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясының Семей қалалық филиалының бақылау комиссиясының отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі күні Семейде мүмкіндігі шектеулі жандар жиі баратын 370-тен аса нысан бар. Алайда мүгедектердің әлеуметтік маңызы бар нысандарға кедергісіз кіріп-шығуына мүмкіндік беретін пандустар талаптарға сай келмейді. Жүргізілген жұмыстардың арқасында былтыр 49 нысан мүгедектер үшін бейімделген. Нәтижесінде арбаға таңылған жандарға кедергісіз кіруге мүмкіндік берілді.

«Мысалы ғимаратта пандус болғанымен, кіре-беріс есік нормаға сәйкес келмейді. Кейбір нысандарда екі есік болады. Біріншісінен өткенмен, екіншісінен өте алмайды. Осы сияқты олқылықтарды жою керек», - дейді «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зульфия Жамалдинова.

«Стандартқа сай пандустардың жалпы ені 100 см, биіктігі 70 немесе 95 сантиметрлік екі деңгейлі тұтқасы болуы керек. Сондай-ақ, пандус әр метр сайын 12 см. ғана биіктеу керек», - дейді мамандар. Өкінішке орай осы талаптар көпшілік мекемелерде ескерілмеген. Салдарынан олар мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына қолайсыз.

Енді ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау Заң талаптарын орындамаған мекеме басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мамандардың айтуынша, «Бюджеттік ұйымдарға 50, шағын бизнес өкілдеріне 120, орта кәсіпкерлік иелеріне 200, ірі кәсіпорындарға 400 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Егер ереже бұзу қайталанса, айыппұл мөлшері де өседі.

Сонымен қатар, мекемелерге көзі нашар көретін жандар үшін арнайы брайль шрифтімен жазылған тақтайшалар орнату талап етілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы