Ásemgúl, sábiz, shyǵys - жаңа әліпбимен сөздер қалай жазылады

Диграф пен апострофтардың орнына акут келді.

19 ақпанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы қаулыға қол қойды.

Бұған дейін Zakon.kz адам есімдері мен заттардың атауы қалай жазылатынын көрсеткен болатын. Қазақстандықтар «saebiz» (сәбіз), s'yg's (шығыс) және адам есімі мен тегі, мысалы S'is'kin (Шишкин) мен Sa'y'le-Сәуле сияқты атаулардың жазылуын белсенді талқылаған болатын. Алфавиттің жаңа нұсқасымен не өзгереді?

Есімдер:

Әлішер - Álisher
Ғани - Ǵanı
Әсемгүл – Ásemgúl
Сәуле - Sáúle
Шолпан - Sholpan
Қайрат - Qaırat
Дәулет - Dáúlet
Әсел - Ásel
Бақыт – Baqyt
Жеңiс - Jeńis.

Зат атаулары:

cәбіз - морковь - sábiz
шығыс - восточный - shyǵys
ғалым - ученый - ǵalym
кітап - книга - kitap
төраға - председатель - tóraǵa
әлемдік - всемирный - álemdik
қасқыр - волк - qasqyr
сәукеле - саукеле - sáýkele.

Саясаткерлердің есімі:

Нұрсұлтан Назарбаев - Nursultan Nazarbaev
Бақытжан Сағынтаев - Baqytjan Saǵyntaev
Қасым-Жомарт Тоқаев - Qasym-Jomart Toqaev
Кәрім Мәсімов – Kárim Másimov
Қалмұханбет Қасымов - Qalmuhanbet Qasymov
Қайрат Әбдiрахманов – Qaırat Ábdirahmanov.

Қазақ тілін кириллицадан латын әліпбиіне онлайн аударма.

Барлық жаңалықты осы сілтемеден оқыңыздар

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: