Ақтөбе облысында құтырған мысық иесіне шабуыл жасады

Хабар 24
Үй жануары иесіне шауып, тырнап алған.

Ақтөбе облысында құтыру дертін жұқтырған мысық анықталды. Үй жануары иесіне шауып, тырнап алған, деп хабарлайды Хабар 24.

Ырғыз ауданының Құрылыс ауылы тұрғыны дәрігерлерге қаралып, ем қабылдап жүр. Дертті мысықтың денесін зерттеген ветеринар мамандар құтыру ауруының болғандығын растап отыр. Қазіргі таңда зардап шеккен азамат пен көршілерінің ауласындағы барлық жануарларға екпе салып, дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

- Көрші орналасқан екі көше тұрғындарының 116 бас ірі қара малы егілді. 189 қой-ешкі мен 6 жылқы және 1 түйе мен 8 ит, 6 мысыққа екпе салып, дерттің алдын алу жұмыстары жүргізілді, дейді облыстық ветеринария басқармасының бас маманы Гүлсара Керібаева.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі