Әскерде мерт болған жауынгердің отбасына қанша өтемақы беріледі

ҚазАқпарат
Әскери қызметшіні ауыр цистерна қысып қалған.

ҚР Қорғаныс министрлігі әскери қызметі кезінді көз жұмған жауынгердің отбасына төленетін өтемақының сомасын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, жауынгер әскери қызметі кезінде мерт болған жағдайда, оның мұрагерлеріне біржолғы өтемақы төленеді. Бұл тұрғыда әскери қызметшінің қаза болған күнінде соңғы атқарған лауазымы бойынша бес жылдық ақшалай еңбекақысы көлемінде өтемақы ескерілген», - деп жауап берді ведомство «ҚазАқпараттың» сауалына.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 23 қаңтарында Қызылорда облысында келісімшартпен қызмет етіп жүрген қатардағы жауынгер көз жұмды.

Әскери қызметшіні ауыр цистерна қысып қалған. Ол жедел жәрдем көлігімен жеткізілген Қызылорда қаласындағы облыстық медициналық орталықта көз жұмды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады