Алматыда қоғамдық көліктерде жолақы бағасы қымбаттамайды

ҚазАқпарат
Алматы қаласының әкімдігі қоғамдық көлікті субсидиялау үшін елеулі қаражат бөліп отыр.

Халықпен кездесу барысында Бауыржан Байбек әлеуметтік қорғауды қолдау шараларымен бірге Алматы қаласының әкімдігі қоғамдық көлікті субсидиялау үшін елеулі қаражат бөліп отырғанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жылы 15 млрд теңгеден астам қаржы 255 мың жеңілдік берілген адамның жол жүруіне, сондай-ақ тасымалдаушылардың шығындарын жабуға бөлінді.

Жол жүру ақысы қазір Алматыда метро үшін 71,3 теңге, ал автобустарда 80 теңге. Қалған айырманы 4 млрд теңге көлемінде демеуқаржы жабады», - деді Б.Байбек.

Өз кезегінде кейбір автобус маршруттарында жол жүру құны бекітілген тариф 80 теңгеден 10-15 есе жоғары.

«Қазір Алматыда автобус паркі 30%-ға жаңарған. Бірақ кейбір тасымалдаушылар 80 теңгені аз көріп, 150 теңгеге көтеру керек деп жатыр. Олар жолақысын көтермекші, бірақ тасымалдау сапасын арттыруға ниетті емес. Ондай тасымалдаушылармен жеке жұмыс жасаймыз. Сапаны көтермейінше, жолақысы қымбаттамайды», - деді Бауыржан Байбек. Қала әкімі «шығынға жұмыс жасап жатырмыз» деген тасымалдаушылар ақшаны күреп келгенін айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды