Семейде тұмау жұқтырғандар саны артып барады

24.kz
Осы күндері дәрігерлер тәулігіне 700-ге жуық науқасты қарауға шығып жүр екен.

Семейде тыныс жолдары инфекциясының көбеюіне байланысты жедел жәрдем қызметіне жүгінетіндердің саны артып отыр деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Осы күндері дәрігерлер тәулігіне 700-ге жуық науқасты қарауға шығып жүр екен. Оның үштен бірі – жедел респираторлық вирус жұқтырғандар. Жұмыс күндері стансаға 130-дан астам қоңырау шалынса, демалыс күндері олардың саны 170-тен асып кетеді. Жұқпалы дертке негізінен балалар мен жұмыс істейтін тұрғындар тез шалдығады екен. Дәрігерлер мұның басты себебі ауа райының құбылмалы болуынан деп отыр.

Анар Ақшалақова, жедел жәрдем стансасының аға дәрігері:– Біздің бригадалар барлығына үлгеріп жатыр. Шақыртуларға шұғыл жетіп, алғашқы көмек көрсетіп, нұсқаулықтар береміз. Мәселен, өткен жексенбіде, 700 қоңырау шалынса, оның 173-і жедел респираторлық аурулар болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды