Өскемендік әйел Instagram арқылы балалар киімін сатам деп жұртты алдаған

Тoday.kz
"Саудагерге" 20 мың теңгеден жүз мыңдаған теңгеге дейін ақша аударылғаны анықталды.

Өскеменнің 27 жастағы тұрғыны алаяқтық жасады деп айыпталуда. Әйел Instagram желісінде балаларға арналған киім дүкенін ашып, Қазақстанның барлық қаласынан тапсырыс қабылдаған. Бірақ клиенттердің ешқайсысы сатып алған заттарын алмаған, деп хабарлайды Today.kz ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өскемен тұрғыны танымал әлеуметтік желіден парақша ашып, қолданушыларға балаларға арналған киімді арзан бағамен ұсынған. Бұған сенген тұрғындар тапсырыс рәсімдеп, терминал арқылы ақша аударған, бірақ тауарлары ақыры келмеген. Өтірік хабарландыруға алданған 13 адам анықталды. Олардың бәрі Қазақстанның әр қаласынан, Алматы, Ақтөбе, Ақтау қаласының тұрғындары", – делінген хабарламада.

"Саудагерге" 20 мың теңгеден жүз мыңдаған теңгеге дейін ақша аударылғаны анықталды.

"Шығынның жалпы көлемі бір миллионнан асады. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. ҚР ҚК 190 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – деді полиция.

Тәртіп сақшылары қазақстандықтарды интернет арқылы тапсырыс бергенде мұқият болуға шақырады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі