Назарбаев Бозымбаевқа жариялаған сөгісті алып тастады

Baq.kz
Мемлекет басшысы елдегі жанар-жағармай материалдары тапшылығы жағдайына байланысты Бозымбаевқа сөгіс жариялаған болатын.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылдың күзінде Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа жариялаған сөгісті алып тастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы 2017 жылдың 11 қазанында елдегі жанар-жағармай материалдары тапшылығы жағдайына байланысты Бозымбаевқа сөгіс жариялаған болатын.

Бір күн бұрын Қазақстан Министрлер кабинетінің басшысы Бақытжан Сағынтаев Энергетика министрлігі басшысының орынбасары Әсет Мағауовты жұмыстан шығарған болатын. Сондай-ақ, ол «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасына сөгіс түрінде тәртіптік жаза тағайындауды және оның орынбасары Данияр Берлібаевтың өкілеттігін тоқтатуды тапсырды.

Мемлекет басшысы елдегі жанармай жетіспеушілігі Қазақстан үкіметі мен Энергетика министрлігінің жанар-жағармай материалдары нарығын қамтамасыз етуге қатысты шараларды уақытылы қолға алмауының нәтижесі екенін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, елдегі жанар-жағармай материалдары тапшылығы жағдайы үкімет пен энергетика министрлігі «салғырттық пен жауапсыздыққа» жол бергенін көрсетеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін