Петропавлда өрт кезінде анасы егіз балаларымен қаза тапты

Sputniknews.kz
Әйел адам балаларымен өрт кезінде тұншығып қалған.

Петропавлда жеке үйде өрт шығып, салдарынан анасы егіз балаларымен қаза тапты. Бұл туралы "СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі және апаттық-құтқару жұмыстары" басшысының орынбасары, азаматтық қорғаныс полковнигі Николай Белоусов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бүгін түнде Петропавлда қайғылы оқиға болды. Сағат 00.09 кезінде өрт сөндіру қызметіне Украинская, 177 мекенжайы бойынша жеке үйден өрт шыққаны туралы хабар келген, үйде балалар бар екен, ешкім де оларды алып шыға алмапты. Диспетчерлер оқиға орнына екі өрт сөндіру жасағын аттандыруға шешім қабылдады", — деп мәлімет берді Белоусов.

Өртке оранып, қалың түтін басқан үйде 20 минут бойы іздеу жұмыстары жүргізіліп, 1977 жылы туған әйел адам мен 2013 жылы туған екі баласы – ер бала мен қыз бала табылды.

"Жедел жәрдем үшеуінің де көз жұмғанын хабарлады. Неден қаза болғаны сараптама барысында анықталады, бірақ бастапқы болжамға сәйкес түтінге тұншығып қалған сыңайлы", — деп мәлімет берді ТЖД өкілі.

Өрт 1 сағат 23 минутта сөндіріліп, 25 шаршы метрді қамтыған. Бастапқы себебі – электр желісінің қысқа тұйықталуы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған