Павлодарлық қария қазақ халқына алғыс айтты

Сурет: zakon.kz
Туған өлкесінде «халық жауы» атанған оның отбасын қазақ халқы бауырына басып, қамқорлығына алған.

Павлодарда 1944 жылы елімізге жер аударылған ұлты ингуш Хамзат Даурбеков есімді қарт тұрады, деп хабарлайды Хабар 24.

Сол кезде туған өлкесінде «халық жауы» атанған оның отбасын қазақ халқы бауырына басып, қамқорлығына алды. Бүгінде жасы 85-тен асқан ақсақал «Қазақстаннан басқа Отаным жоқ. Біз көрген сұмдықты ешкімнің басына бермесін, зұлмат жылдар жанымызға өшпес жара салды. Аштықта жеген құйқаның дәмі әлі ауызымызда. Осында өсіп-өндік, отбасын құрдық. Ендігі тілегім – елімнің амандығы», – дейді Хамзат Даурбеков.

- Мен Павлодарға 1944 жылдың 23 наурызында келдім. Біз аш болдық, киіміміз жұпыны еді. Көп қиындық көрдік. Бірақ бізді жақсы адамдар қарсы алды. Отбасымызда бес бала еді. Соған қарамастан бауырына басқан қазақтардың арқасында осы күнге жеттік. Мен олардың жақсылығын ешқашан ұмытпаймын, балаларымның да санасына осы құндылықтарды сіңіріп отырамын, - деді қала тұрғыны Хамзат Даурбеков.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты