ОҚО-да бетперде киген қарулы қарақшылар жүк көлігін тонап кетті

ҚазАқпарат
Ауыр соққы алған жәбірленушілердің бірі Сарыағаш аудандық ауруханасына жеткізілді.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш-Шардара тасжолында жүк көлігіне қарақшылық шабуыл жасалып, жүргізушілер миллион теңгеден астам ақшаларынан айырылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, беттеріне бетперде киген белгісіз тұлғалар жүк көлігін тоқтатып, жүргізуші мен жолаушыларды қарумен қорқытқан. Сөйтіп қомақты ақшаларын алып кетіпті. Ауыр соққы алған жәбірленушілердің бірі Сарыағаш аудандық ауруханасына жеткізілді. «Жедел іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары осы қылмысқа қатысы бар деген екі күдіктіні ұстады. Олар 25 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты. Ал, қарақшылық шабуылға қатысы бар үшінші сыбайластарына іздеу жарияланды» делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабы «Қарақшылық» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан