Алматы облысында арықтан 7 жасар баланың мәйіті табылды

Sn.kz
Үйде ата-анасы болмаған.

Алматы облысының Сырымбет ауылында арықтан екінші сынып оқушысының мәйіті табылды. Қайғылы оқиға 28 ақпан күні болған, деп хабарлайды Sn.kz.

Бұл күні кішкентай бала мектептен келіп, өз үйінің ауласында ойнап жүрген екен. Үйде ата-анасы болмаған. Әкесі жалданып жұмыс істегендіктен Алматыда болса, анасы Текелі қаласына кетіп қалыпты.

Әзірге кішкентай баланың нақты неден көз жұмғаны айтылмай отыр. Оның денесі үй жанындағы арықтан табылған.

"Мәйітті экспертизаға алып кетті. Біз қазір жерлеуге дайындалып жатырмыз", - деді марқұмның туыс ағасы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз