Әйелін ұрған астаналық 1,2 млн айыппұл төлейтін болды

Baq.kz
Іс қозғалған жағдай 2017 жылы 1 шілдеде болған.

Астана қаласында сот әйеліне қол жұмсаған азаматқа 1 202 500 теңге көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс қозғалған жағдай 2017 жылы 1 шілдеде болған. И. есімді сотталушы пәтерде отырып әйелімен сөзге келіп қалады. Кейін әйелін соққыға жығып, басы мен көкірегінен қатты ұрып жібереді. Сарапшылардың мәліметінше, И. есімді азаматтың әйелі орташа деңгейлі жарақат алған.

Астана қаласы №2 Сарыарқа сотының шешімімен ер адам ҚР ҚК 107-бап 1-тарауы бойынша кінәлі деп танылды. Оған 500 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Үкім заңды күшіне енбеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды