Павлодарда VII қысқы Универсиаданың ашылу салтанаты өтті

Рavlodarnews.kz
Биыл павлодарлық Универсиада рекордтық көрсеткішке ие болып отыр.

«Астана» мұз сарайында ҚР VII қысқы Универсиадасының ашылу салтанаты өтті. Тоғыз спорт түрінен жарысқа түсетін студенттер Павлодар мен Щучинск қалаларында бақ сынайды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Биыл павлодарлық Универсиада рекордтық көрсеткішке ие болып отыр. Себебі, байрақты бәсекеге еліміздің 36 жоғарғы оқу орнынан 2000-ға тарта спортшы келген. Бұған дейінгі жарыстарда қатысушылар саны 900-ден артқан емес.

- Бүгін Ертіс өңірінде айтулы мереке болып жатыр. Осыншама делегацияны қарсы алу біз үшін үлкен абырой. Елбасымыз спортқа көп көңіл бөледі. Өңірімізде спорттық ғимараттар жеткілікті. Жастар үшін барлық жағдай жасалған. Шуақты мереке қарсаңында бәріңізге денсаулық пен сәттілік тілеймін, - деді аймақ басшысы Болат Бақауов.

Оңтүстік Кореяда өткен XXIII қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы, шаңғышы Анна Шевченко атап өткендей, ол туған қаласындағы ірі жарысқа алғаш рет қатысуда.

- Біз бүгін бірінші жарыс жолын жүріп өттік, күн өте суық, - дейді ХХVIIІ қысқы Универсиаданың рекордын орнатқан спортшы. – Мұндай ауа райына бой үйретіп үлгермедік. Павлодар аязымен қарсы алды. Ертең жылынады деген үміттемін. Павлодарда мен алғаш рет ірі сайысқа қатысып отырмын. Олимпиададан келе сала уақыт тапқаныма қуаныштымын. Осы сәтті пайдаланып, оқу ордамның намысын қолдан бермеуге тырысамын.

Айта кетейік, Анна Шевченко Қазақ спорт және туризм академиясының магистранты болып табылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз