АҚШ-та қазақстандық студент қайтыс болды

Baq.kz
Лос-Анджелесте тұратын қазақстандықтар қайтыс болған студенттің ата-анасына көмек ретінде ақша жинап жатыр.

АҚШ-та қазақстандық Даир Сағдиев қайтыс болды. Ол Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде (UCLA) оқып жүрген, деп хабарлайды Вaq.kz.

«Өкінішке қарай, UCLA студенті Даир Сағдиев қайтыс болды. Ол биоинженерия факультетінің үздік студенті еді. Бірнеше тілде еркін сөйлейтін. Тағы да ол талантты тарихшы және түркітанушы болатын. Француз тіліндегі тарихи кітаптарды аударатын», - деп жазды оның танысы Әсет Шәтеков Facebook-тегі парақшасында.

Онымен бүгін UCLA және Pierce Brothers Westwood Village Memorial Park саябағында жергілікті уақыт бойынша сағат 13.00-де қоштасады.

«Ата-анасы мен туыстары сағат 12.40-та UCLA Luskin Conference Center and Hotel қонақүйінен шығады», - деп қосты Шәтеков.

Лос-Анджелесте тұратын қазақстандықтар қайтыс болған студенттің ата-анасына көмек ретінде ақша жинап жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек