Ақтөбенің мұсылман қыз-келіншектері бір-біріне гүл тарту етті

Аktobenews.kz
«Əжелер мен аналар мектебінің» шəкірттері дастархан басында мүмкіндігі шектеулі жандармен және жалғыз басты анамен жүздесті.

Əйел-қыздар секторының өкілі Диляром Бектаева алғыс айтуды ең алдымен «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің шəкірттерінен бастады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

«Сен де үлес қос» қайырымдылық акциясының қолдауымен əже-апаларға сыйлық пен гүл сыйлаған мешіт ұстазы Кенжегүл Қошқарова ыстық лебізін жеткізді. Іс-шара «Нұр Ғасыр» мешітінде Ақтөбе облысының өкіл имамының қолдауымен жайылған дастарханда жалғасын тапты.

«Əжелер мен аналар мектебінің» шəкірттері дастархан басында мүмкіндігі шектеулі жандармен және жалғыз басты анамен жүздесті. «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстаздары «Əйелдер сауат ашу орталығына» барып ұстаздар мен шəкірттер арасында өткен «тəж кию» мен «əрқашан күн сөнбесін» атты бүлдіршіндер сайысына қатысып, алғыстарын білдірді.

Алғысының шексіз екенін мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне барып құттықтауларынан да байқалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Құрбан айтта жасалатын амалдар мен тың деректер