Жезқазғанда өрт шығып, әйел адам көз жұмды

alashakparat.kz
Өрттің шығу себебі темекіден болуы мүмкін.

4 наурыз күні сағат 03:04-те Жезқазған қаласында бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Екінші қабаттағы екі бөлмелі пәтердегі жиһаз өртенген. Бұл туралы Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖД күштерінің көмегімен өрт 03:23-те оқшауланып, 03:36-да сөндірілді. Өрт аумағы 10 шаршы метрді құрайды.

17 адам құтқарылды, оның ішінде 7 бала бар. 33 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның 10-ы бала. Пәтерден 1988 жылғы әйелдің мәйіті табылды. Бастапқы нұсқаларға сәйкес, өрттің шығу себебі темекіден болуы мүмкін.

Өртті өшіруге ТЖД күштерінің 4 техникасы мен 13 адамы жұмылдырылды.

Облыстың ТЖД ескерту жасады. Төсек-орында жатып темекі шегу жазатайым оқиғаларға алып келуі мүмкін. Сөндірілмеген темекіні балкон мен бастырмалардан лақтыруға тыйым салынады, себебі бұл өрттің шығуына әкелуі ықтимал.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек