Астанаға емге кетіп бара жатқан Орал тұрғынына шұғыл операция жасалды

Сурет: zakon.kz
55 жастағы Орал тұрғыны цирроз дертіне шалдыққан екен.

Ақтөбеде корей хирургі бауыр алмастыру операциясын жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметіне сүйенсек, 55 жастағы Орал тұрғыны цирроз дертіне шалдыққан екен, Астанаға ем алуға кетіп бара жатыпты. Алайда жолда әйелден кенет қан кете бастаған. Ақтөбеде оны тез арада пойыздан түсіріп, облыстық ауруханаға жеткізіпті.

Ақтөбеде бұл кезде атағы әлемге әйгілі корей хирургі Ли Кванг Вунг болған екен. Ол диагностикалық орталық құрылысына қатысты шартқа қол қою үшін келіпті. Корей дәрігері әйелдің бауырын ауыстыру үшін операция жасауға шешім қабылдады, науқастың 20 жастағы қызы донор болған.

Жас қыздың ағзасы бір ай ішінде қалпына келеді екен. Ал анасы әлі жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған