Жамбылдық полицейлер әйелдер қауымына гүл таратты

Хабар 24
Олар жолға шығып, қыз-келіншектер тізгіндеген көліктерді тоқтатып, 100 гүл ұсынды.

Жамбылдық полицейлер жүргізуші әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл шара тәртіп сақшылары арасында дәстүрге айналған. Олар жолға шығып, қыз-келіншектер тізгіндеген көліктерді тоқтатып, 100 гүл ұсынды. Тіпті жол жүру ережесін бұзған кейбір жүргізушілерге кешіріммен қарап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Соңғы жылдары өңірде көлік жүргізетін әйелдер қатары артқан. «Олар темір тұлпарды ер азаматтардан кем басқармайды», – дейді инспекторлар.

- Менде бірінші рет мұндай болып тұр. Таразға жұмыс бабымен қонаққа келген едім. Жолда жүру ережесін бұзбаған секілді едім. Қорқып кеттім. Рақмет! Қуаныштымын. Жұмыстарыңыз алға баса берсін. Шаршамаңыздар, - дейді көлік жүргізушісі Жазира Маманова.

- Әрқайсысына гүл сыйлаудамыз. Тараз қаласы бойынша қазір бізде 5 автоэкипаж, яғни 10 қызметкер дәл осындай іс-шарамен айналысуда. Осыған орай әйел азаматтарын халықаралық мейрамдарымен құттықтаймын. Жол ережесін бұзбай сақтап жүрсін, - деді полиция аға сержанты Дидар Қадіров.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды