Қанат Ислам өзінің промоутерлік компаниясын ашты

arnapress.kz
Қанат Ислам Америкада «QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясын ашты.

Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental мен WBA Fedelation белбеулерінің иегері Қанат Ислам «QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясын ашты, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Аталған ақпаратты қазақстандық боксшының PR-менеджері Берік Сұлтан өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

«Қанат Ислам Америкада «QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясын ашты. «QAZAQ promotions» Американың ірі промоутерлік компанияларымен бірлесіп үлкен бокс кештерін ұйымдастыратын болады. Бүгінде «Main event» промоутерлік компаниясымен серіктестік орнаттық. Алда жоспар көп. Биыл чемпиондық жекпе-жек өткізу ең басты мақсатымыз. Сол жолда команда тынбай еңбек етуде», - деп жазды Берік Сұлтан.

Әрі серіктес компания жауаптыларымен бірге түскен суретін жүктеп, ондағы адамдарды таныстыра кетуді де ұмытқан жоқ.

- Суретте әріптестеріміз «Main event» промоутерлік компаниясының иесі, промоутер
Kathy Duva, менеджер Egis Klimas және мачмейкер Jolene Mizzone

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі балаларға арналған қаржы сауаттылығы жайлы кітапты клиенттерге тарту етті

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді

Алматы метросындағы жанжал: екі жолаушы жауапқа тартылды