Екібастұзда екі мас тұрғын 4-қабаттан құлап кетті

ҚазАқпарат
Дәрігерлер қала тұрғындарын мереке күндері қауіпсіздік шараларын қатаң ұстанып, ішімдік ішкен кезде сақ болуға шақырды.

Екібастұз қалалық ауруханасында 4 қабаттан құлаған 34 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аурухананың бас дәрігеріне сілтеме жасап.

«Демалыс күндері ішімдік ішкен 34 жастағы қала тұрғыны 4 қабаттан құлап кетті. Ол ауыр жарақат салдарынан көз жұмды. Дәл осыған ұқсас тағы бір оқиға орын алды. 4-қабаттан мас күйде құлаған қыз қазір ауруханада жатыр», - деді аурухананың бас дәрігері М.Андосов.

Дәрігерлер қала тұрғындарын мереке күндері қауіпсіздік шараларын қатаң ұстанып, ішімдік ішкен кезде сақ болуға шақырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі