Мәскеуде танымал актер Олег Табаков бақилық болды

Zakon.kz
Олег Табаков көзі тірісінде 120-дан астам кинода ойнады.

Мәскеуде Кеңес одағының халық әртісі, танымал актер Олег Табаков 83 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Хабар 24.

Ол 1935 жылы Саратов қаласында дәрігерлер отбасында дүниеге келген. 1953 жылы Мәскеу көркем академиялық тетарының мектебіне қабылданды. Кейін соның негізінде «Современник» тетрының негізін қалаушы алты актердің бірі атанды. 25 жыл бойы сол өнер ошағының ең белді әртісі болды. Кейін Чехов атындағы Мәскеу көркем театрының басшылығына дейін көтерілді. 70-жылдары өзінің «Табакерка» театрын құрды.

Олег Табаков көзі тірісінде 120-дан астам кинода ойнады. Ал театрда 100-ге жуық қойылымның кейіпкерін сомдады. 2001 жылы Ресей президентінің жанындағы мәдениет және өнер кеңесінің мүшелігіне қабылданды. Танымал әртіс өткен жылдың қараша айында денсаулығының күрт нашарлауына байланысты ауруханаға түскен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады