Үш мемлекеттік ЖОО ректорлығына 42 адам үміткер болып отыр

ҚазАқпарат
Қорытынды шешімді республикалық комиссия дауыс беру арқылы қабылдайды.

М. Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жəне М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректорларын сайлау бойынша байқауға қатысу үшін құжаттар қабылдау аяқталды, деп хабарлайды ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Байқауға 42 үміткердің құжаты келіп түсті. Олардың даму бағдарламалары жоғары оқу мекемелерінің бақылаушы кеңестеріне қарастырылуға жіберіледі. Бақылаушы кеңестің мінездемелерін алған үміткерлер республикалық байқау комиссиясында сұхбаттасудан өтеді. Комиссияның қарастыруына ЖОО-ның бақылаушы кеңесі кем дегенде екі үміткерді ұсыну керек.

Республикалық комиссияның құрамына ҚР ЖОО қауымдастығы, білім саласы қызметкерлерінің кəсіподақтары, ҚР Парламентінің депутатары, белгілі ғалымдар, бизнес-құрылым өкілдері жəне басқа да қоғам қайраткерлері кіреді.

Қорытынды шешімді республикалық комиссия дауыс беру арқылы қабылдайды. 16 мемлекеттік жоғары оқу орындарының ректорлары да осы жолмен таңдалғандығын еске салып кеткен жөн.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео