Ақтөбеде мақсатты пайдаланылмаған жер телімдері мемлекетке қайтарылып жатыр

Сурет: zakon.kz
Егер шаруашылық ұзақ жылға жалға алып, оны кәдеге асыра алмай отырса, алдымен ескерту беріледі.

Ақтөбеде ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға алынып, бірақ кәдеге асырылмаған жер телімдері мемлекетке қайтарылып жатыр. Олардың арасында жайылымдық жерлер де бар, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Соңғы жылдары Ақтөбеде мақсатты пайдаланылмай жатқан жерлерді тексеру жұмысы жүріп жатыр. Егер шаруашылық ұзақ жылға жалға алып, оны кәдеге асыра алмай отырса, алдымен ескерту беріледі. Қателік жойылып, жер пайдаланылса, шектеу болмайды. Ал жер бос жатса, алдымен ерікті түрде қайтаруға мүмкіндік жасалған. Өзі бермесе, сот арқылы қайтаруға мәжбүр болады. Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасының басшысы Әбдухат Мырзалин осы жолмен өткен жылы 168 мың гектардан астам жердің қайтарылғанын айтты. Бұл бағыттағы жұмыс биыл да жалғасады.

«2017 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 168,7 мың га жер қайтарылды. Аумағы 65 мың га болатын жайылымдық жерлерді шаруашылық басшылары өз еркімен берді. Ал 87,2 мың га жерді иеленген адамдар жерді сот тәртібімен қайтарды. Сот тәртібімен жерді қайтарғандар арасында Байғанин ауданындағы «Еділбай – Байғанин» ЖШС, Мәртөк ауданындағы «Қарасор – А», «Шаңды – Агро» ЖШС-і секілді ірі шаруа қожалықтары бар. Биыл да бұл жұмыс жалғасады. Өткен жылы берілгеннұсқамаларға сәйкес 137,8 мың га алаңдағы 73 жер учаскесіне бақылау жүргізіледі. Қазіргі уақытта Шалқар аудынындағы «Еңбек» шаруа қожалығының 13,3 мың га жайылымдық жері қайтарылды», — деді Әбдухат Мырзалин.

Айта кетейік, облыста 30 млн 063 мың га жер бар. Соңғы 3 жылда мемлекет меншігіне 1 216,6 мың га жайылымдық жер қайтарылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды