Павлодарда құлаққап киген оқушыны пойыз қағып кетті

Рavlodarnews.kz
Жасөспірімнің бас миы жарақат алып, алақан және бет сүйектері сынған.

«Павлодар - Астана» бағытындағы электр пойызы 12 жасар баланы қағып кетті. Жеткіншек түрлі жарақаттармен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, ұл бала құлаққап киіп алып, жаяу жүргіншілер өтетін жолдың реттелмейтін тұсынан, Хромзауыт ауданындағы соңғы аялдаманың жанында өтіп бара жатқан. Сол сәтте бұрылыстан «Павлодар - Астана» бағытындағы электр пойызы шыға келген. Соққы салдарынан бала шетке құлап, жолдардың арасына түскен. Абырой болғанда, тірі қалған.

«Ол жедел жәрдем арқылы 17 наурыз күні біздің ауруханаға сағат 15.30-да жеткізілді. Жасөспірімнің бас миы жарақат алып, алақан және бет сүйектері сынған. Қазіргі таңда жарақат бөлімінде нейрохирург дәрігердің бақылауында», - дейді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ирина Орсагош.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы орташа ауыр деңгейде. Баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады