Алик Шпекбаев мемқызметшілерге сыйға берілген ақшамен не істеу керектігін айтты

Мемқызметшілерге сыйлықтарды, материалдық әрі материалдық емес сыйақыларды алуға тыйым салынады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев ешбір ескертусіз шотына ақша түскен мемқызметшіге не істеу керек екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Мемлекеттік қызметшіні ескертпестен оның ұялы телефонына белгісіз біреудің атынан төлем түссе, онда бұл ақшаны арнайы қорға өткізудің тәртібі қандай?», - деген сауал қойылды.

Агенттік төрағасының айтуынша, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер мемқызметшілерге сыйлықтарды, материалдық әрі материалдық емес сыйақыларды алуға тыйым салады. Бұл талап орындалмаған жағдайда, сыйлықтың құнына қарай қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілік ескерілген.

"Қылмыстық - 2 АЕК-тен жоғары; әкімшілік - 2 АЕК-ке дейін. Ешбір ескертусіз мемлекеттік қызметшінің шотына түскен ақша, сондай-ақ тиісті функцияларды орындағаны үшін берілген қаржы анықталғаннан кейін, екі аптадан аспайтын мерзімде республикалық бюджетке аударылуы тиіс. Осы орайда аталған қаржының түсуі жағдайы туралы мемлекеттік кірістердің тиісті органына түсініктеме ұсынылуы керек", - деді А. Шпекбаев.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: