Кемероводағы өрттен зардап шеккендер саны 47 адамға өсті

ҚазАқпарат
Өрт сауда үйінің соңғы 4-қабатынан шыққан.

Ресейдің Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» сауда үйінде шыққан өрт салдарынан зардап шеккендер саны 47 адамға өсті. Мұндай деректі дүйсенбі күні Ресей ТЖМ басшысының орынбасары Владлен Аксенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барлығы 84 адам зардап шегіп, соның ішінде 37 адам, өкінішке орай, қаза тапты. Қалғандарына медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - деді ол жедел кеңесте.

В.Аксенов 64 адамның із-түзсіз жоғалғандығын атап өтті.

Сондай-ақ, ол жанып жатқан ғимараттың опырылу қаупі барын хабарлады. «Қабатаралық жабындар шөгіп жатыр, олар опырылуы мүмкін», - деді ол жедел кеңесте.

Бұдан бұрын «Зимняя вишня» сауда үйінде шыққан өрттен 37 адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Тағы 43 адам зардап шеккен.

Өрт сауда үйінің соңғы 4-қабатынан шыққан. Ғимараттан 20 адам құтқарылды, тағы 100 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Соңғы мәлімет бойынша, тілсіз жау ауыздықталған. Өрт 1,5 мың шаршы метр аумақты шарпыған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды