Алматы облысында жалғызбасты ананы зорлап, өлтіріп кеткен

egemen.kz
Қылмыскер 20 жылдан астам уақытқа бас бостандығынан айырылды.

Алматы облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Көксу ауданында орын алған жалғызбасты ананы зорлау және өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айыпталушы – Алматы қаласының 35 жасар тұрғыны, ол бұрын да ұрлық және тонау бойынша жуапкершілікке тартылған.

Қылмыстық іс материалдарына қарағанда, бұл жағдай 17 желтоқсан күні Көксу ауданы, Теректі ауылында болған. Жер үйлердің бірінен денесінде зорлау белгілері бар 36 жасар әйел табылды. Зардап шегуші – алты жасар қызын жалғыз өзі бағып-қағып жүрген жалғызбасты ана.

«Өлімге қатысы бар деген күдікті Талдықорғанның автобекетінде облыстан шығып кетпек болған жерінен ұсталды. Тергеу амалдары барысында күндізгі уақытта жәбірленушінің үйіне барып мазасын алғаны, келіншек оны үйінен қуып шыққаны анықталды. Одан кейін ол ішімдік ішіп алып, түн ішінде жәбірленушінің үйіне кіріп, жәбірленушіні зорлап өлтірген. Жалғызбасты ананың қызы басқа бөлмеде болып, қылмыскер оны байқамай қалған», - дейді департамент мәліметінде.

Сотта айыпталушының кінәсі толық дәлелденді. Тағылған айыптар мен жазаның өтелмеген бөлігін қосқанда қылмыскер 20 жылдан астам уақытқа бас бостандығынан айырылды.

Қылмыскердің қолынан қаза тапқан әйелдің алты жасар қызы мемлекет қамқорлығына алынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Алматы хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған әйел жазалануы мүмкін