Мектепте тек интернетсіз ұялы телефондарды қолдану мәселесі қарастырылуда

ҚазАқпарат
Бұндай шешім оқушылардың ата-аналарымен келісілгеннен кейін қабылданды.

Қазақстанның бірқатар облыстарында оқушыларға смартфондарды ұстауға тыйым салу мәселесі қарастырылуда. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ға ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінен хабарлады.

«Бірқатар өңірлерде (Алматы қаласында, Алматы, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында) мектеп оқушыларына тек түймелі ұялы телефондарды қолдану туралы мәселе қарастырылуда. Бұндай шешім оқушылардың ата-аналарымен келісілгеннен кейін қабылданды», - деп атап өтілген Комитеттің «ҚазАқпараттың» ресми сауалына берген жауабында.

Айта кетейік, «Білім туралы» Заңы аясында оқушылар мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтауға міндетті. Ережелерде олардың бұзушылықтары үшін қабылданатын шаралар тіркеліп, ата-аналардың (заңды өкілдерінің) қатысуымен әрбір жағдай бойынша жеке педагогикалық кеңестерде қаралады.

«Комитет білім беру ұйымдарында планшеттерді және смартфондарды қолдану туралы аталған мәселе мектептердің ішкі тәртіп ережелерімен реттелетіндігін хабарлайды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасымен ішкі тәртіп қағидаларын әзірлеп, бекіту жергілікті атқарушы органдардың және сол білім беру ұйымдарының құзыретіне жататындығы бекітілген», - делінген Комитет мәліметінде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды