Шығыс Қазақстанда автокөлікті тасқын су ағызып әкетті

qamshy.kz
Оқиға 26 мамыр күні Шемонаиха ауданындағы Выдриха ауылында жауыннан кейін болған.

Шығыс Қазақстан облысында жолда келе жатқан автокөлікті су ағызып әкетті. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп үлгерген, деп жазады Sputnik Қазақстан.

YouTube-те жарияланған роликте автокөлік жолын ағын су қатты екпінмен кесіп өтіп жатқаны көрінеді. Трассада келе жатқан жүргізушілер жол шетіне тоқтайды. Дегенмен, олардың бірі жолды кесіп өтуге бел байлайды. Автокөлікті лезде су ағызып әкеткен.

Кадр сыртындағы куәгерлердің бірінің сөзіне қарағанда, оқиға 26 мамыр күні Шемонаиха ауданындағы Выдриха ауылында жауыннан кейін болған.

Видеода бейәдеп сөздер бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін