Кемеровадағы өрт: Кинозалдың есігін кім кілттегені белгілі болды

podrobnosti.ua
Востриков өрт сөндірушілердің оқиға орнына уақытында келгеніне күмән келтірді.

Кемеровадағы сауда үйінің өртінде отбасынан айырылған ар адам сауда орталығының бейнебақылау камерасына түскен бейнежазбаны көріп, пікірмен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.

Өртте Игорь Востриковтың әйелі, әпкесі мен 3 баласы қаза болды. Оның айтуынша, кинотеатрдағы бір залдың есігі жабық тұрған. Ол шағымын желідегі парақшасында жазды.
Востриков СО-ның бейнебақылауындағы жазбаға қол жеткізген. Өрт болған кезде бір залда ғана мультфильм көрсетіліп жатқан. Қалғандары бос болған.

“Белгісіз ер адам есікті құлыптап, саңылау жасап, құтқарушыларды күтеді, бірақ олар ол жерге келмеген”, – дейді ол.

Оның айтуынша, есікті құлыптаған ер адам адамдарды құтқара алатын еді.

Сонымен қоса Востриковті мынадай сұрақ мазалаған, неге ғимараттағы өрт сөндіру құрылғылары қолданылмаған.

Востриков өрт сөндірушілердің оқиға орнына уақытында келгеніне күмән келтірді.

Айта кетейік, “Зимняя вишня” СО-дағы өрт нәтижесінде 70-тен аса адам қаза тапты, оның 41-і балалар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі