Шымкентте колледж тоналды

otyrar.kz
Тонаушылар күндізгі бөлім меңгерушісінің бөлмесіне енген.

Шымкенттегі колледждердің бірі тоналды. Сәуірдің 1-нен 2-не қараған түні белгісіз біреулер М.Тынышпаев атындағы көлік және коммуникациялар академиясына қарасты колледж ғимаратына басып кірген, деп жазады otyrar.kz.

Академия жанындағы колледж заңгерінің айтуынша, тонаушылар бағалы зергерлік бұйымдар мен 3 млн 80 мың теңгені қолды еткен.

Қаскөйлер 20 бейнекамера қойылып, күзетке алынған ғимаратқа кедергісіз кіріп, жертөле арқылы екінші қабатқа көтерілген.

Газ дәнекерлеуші құралдың көмегімен темір есікті бұзып кірген. Сейфті де оңай ашқан. Кассадан тонаушылар ақша таппаған.

Содан кейін тонаушылар күндізгі бөлім меңгерушісінің бөлмесіне енген.

Мұндағы сейфтен меңгерушінің жеке заттары: әрқайсысы 1 000 АҚШ доллары тұратын қымбат сағаттар мен 6 мың АҚШ доллары тұратын гаухар тасты алқасын, 20 мың теңгеден астам ақшаны алып кеткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді