Желіде бокс қолғабын киген Елбасының жас кезіндегі суреті жарияланды

Вnews.kz
Суретте Мемлекет басшысы өзінің жолдастарымен бірге бейнеленген.

Instagram әлеуметтік желісінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жас кезінде өзінің жолдастарымен бірге бокс қолғабын киіп түскен фотосуреті жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz.

Фотосуреттің төменгі жағына Мемлекет басшысының сөзі келтірілген, онда ол әрбір отбасында салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын айтқан.

"Бізге ең шешуші түрде жаңа ғасырда тұрмысымызға, санамызға, қоғамымызға, жалпы әрбір отбасына салауатты өмір салтының ғибадатын енгізу қажет. Бұл басымдылық, еліміздің болашағы, ұлтымыздың болашағы үшін ерекше маңызды болуы мүмкін", - деп жазылған elbasy_live Instagram парақшасында.

Ал әлеуметтік желінің қолданушылары өздерінің пікірлерімен бөлісіп, Елбасына мықты денсаулық тіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды