Маңғыстауда тоқыма фабрикасы салынады

Тоқыма фабрикасын салу жобасы бойынша 97 млрд. теңге инвестицияланады.

Бүгін облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен тоқыма зауытының құрылыс алаңында капсула салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тоқыма фабрикасын салу жобасы бойынша 97 млрд. теңге инвестицияланады. Жаңа кәсіпорын жылына 32,4 мың тонна иірілген жіп шығарады. Құрылыс кезеңінде 200 адам жұмыс істеп, пайдалану барысында 700 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Пайдалануға беру уақыты – 2019 жылдың мамыр айы. Қазақстандық және ішінара Өзбекстандық шикізат қолданылып, дайын өнімді шет елдерге жеткізу жоспарланған.

«South Caspian Operating Company»» ЖШС-мен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында жол картасы әзірленді. Соның аясында «Маңғыстау индустриялдық паркі» ЖШС маңындағы бос жатқан 30 га жер телімі қосымша бөлініп берілді.

«Маңғыстау индустриялық паркінің аумағында тоқыма зауытының құрылысынан бөлек, тағы үш жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жалпы 4 жоба бойынша инвестиция көлемі 360 млрд. теңгені құрайды, жұмыс орындарының саны 895 адам. Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласының Индустриалды аймағында 2 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Аталмыш жобалар бойынша инвестиция көлемі 162,4 млрд. теңгені құрайды, 210 жұмыс орны құрылатын болады. Құрылыс кезінде барлығы 1400 жұмыс орны құрылады, пайдалануға берілгеннен кейін 1105 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Облысымызға тартылатын инвестицияның жалпы сомасы 522,4 млрд. теңгені құрайды», - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Анықтама үшін:

1. Өз қажеттіліктері үшін қуаты 2х50 МВт газ турбиналық станциясының құрылысы. Инвестициялар көлемі 80 млрд. теңгені құрайды. Жобаның қуаты 100 МВт. Құрылыс кезеңінде 200 адам жұмыс істеп, пайдалану барысында 60 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Пайдалануға беру - 2019 жылдың шілде айы.

2. Болат илемдеу зауыты. Инвестициялар көлемі - 50 млрд. теңге. Жобаның қуаты жылына 150 мың тонна. Құрылыс кезеңінде 300-ге дейін және пайдалану барысында 60 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. 2019 жылдың наурызына дейін іске қосу жоспарлануда. Жоба бойынша Қазақстандық шикізат пайдаланылып, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне дайын өнімдерді жеткізу көзделуде.

3. Феррохром өндірісі. Инвестициялар көлемі - 133 млрд. теңге. Жобаның қуаты жылына 150 мың тонна. Құрылыс кезеңінде 150-ге дейін және пайдалану кезеңінде 75 жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Пайдалануға беру - 2019 жылдың наурыз айы. Зауытқа арналған жабдықтарды Германиядан алу жоспарланған, Қазақстандық шикізатты пайдалану көзделуде, дайын өнімдер Жапонияға, Қытайға, Үндістанға экспортталатын болады.

Бұдан басқа, Жаңаөзен қаласының индустриалдық аймағында 2 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

1.Ферросилиций қорытпасын шығару зауыты.

Жалпы инвестиция көлемі 6,4 млрд. теңгені құрайды. Жобаның қуаты - 20 000 тонна жоғары сапалы ферросилиций қорытпасы. Құрылыс кезеңінде 150-ге дейін және пайдалану барысында 140 жұмыс орындарын құру жоспарланған.

2.Қуаты 2х384 МВт газтурбиналық электр станциясын салу.

Жобаның құны 156 млрд. теңгені құрайды. Жобаның қуаты - 384 МВт негізгі қондырғы және 384 МВт резервтік қондырғы. Құрылыс кезеңінде 400-ге дейін және пайдалану кезінде 70 жұмыс орындарын құру көзделуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: