Қостанайда жылқыларын зират маңына жайып жүрген азамат жазаланды

ҚазАқпарат
Осыған дейін бейітте жайылып жүрген жылқыларға қатысты қостанайлықтар шағым жасаған болатын.

Қостанай қаласы ауыл шарауашылығы және ветеринария бөлімінің қызметкерлері әуежай маңындағы жылқылар жайылып жүрген бейітті тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тексеру барысында жайылып жүрген жылқылармен қатар олардың иесі де табылды. Ол осы бейіттің маңынадағы фермалардың бірінің қожайыны болып шықты.

«Қалалар мен елді мекендердің көріктендіру тәртібін бұзу, инфрақұрылым нысандарын қирату, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін жою» 505-бап талаптарын бұзғаны үшін жылқылардың иесі жауапқа тартылды. Енді оған 72 мың 150 теңге көлеміндегі айыппұлды төлеу қажет»,-деді Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шрауашылығы бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы Арман Ахметқали.

Әуежай маңындағы зиратқа «Стикс 2012» ЖШС-ы қызмет көрсетеді. Оларға зиратты жіті бақылауды қолға алып, адамдар жерленген аймақта малдың жүруіне жол бермеу жөнінде кеңес берілді.

Айта кетейік, осыған дейін бейітте жайылып жүрген жылқыларға қатысты қостанайлықтар шағым жасаған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды