"АрселорМиттал Теміртау" жұмысшысы ауыр құрылғы астында қалып, қайтыс болды

Тoday.kz
Компанияның баспасөз қызметі редакция сауалхатына жауап беріп, бұл оқиғаның болғанын растады.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургиялық комбинатының конвертер цехында қайғылы жағдай болып, жұмысшы ауыр құрылғының астында қалды, деп хабарлайды Today.kz.

Компанияның баспасөз қызметі редакция сауалхатына жауап беріп, бұл оқиғаның болғанын растады.

"Конвертер цехында дайындама-2 үзіліссіз шойын құю машинасында қайғылы жағдай болып, 45 жастағы компания қызметкері көз жұмды. Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Кәсіпорын ұжымы марқұмның жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады", – деді "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының ресми өкілі Алексей Агуреев.

Марқұмның әріптестерінің сөзінше, ауыр құрылғыны автокран көтерген, бірақ ол үзіліп қалып, жерге түскен. Жерге түскен кезде жұмысшыны жарақаттаған. Қауіпсіздік техникасын кімнің бұзғаны анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді