Жаңадан тағайындалған Дін істері министрі Қазақстанның Бас мүфтиімен кездесті

Сурет: zakon.kz
Дархан Кәлетаев имамдардың, дінтанушылардың және сарапшылардың қатысуымен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жетілдіру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Бүгін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Оразбен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланып, дінаралық келісімді нығайту және азаматтардың ар-ождан құқықтарын жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Дархан Кәлетаев имамдардың, дінтанушылардың және сарапшылардың қатысуымен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жетілдіру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, министр дін саласындағы ғалымдар мен шығыстанушылардың тарихи мұраны және дәстүрлі исламның ұлттық мәдениетпен байланысын зерттеуге арналған арнайы жұмыс тобының қызметіне және мемлекеттік дамудың зайырлы принциптеріне негізделген идеологияны қалыптастырудағы ислам дінінің жағымды рөлін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға қолдау білдіретінін жеткізді.

Ал, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз өз кезегінде Дархан Кәлетаевты министр қызметіне тағайындалуымен құттықтап, алдағы жұмысына табыс тіледі.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда тығыз ынтымақтастыққа дайын екендіктерін айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты