Шымкенттің мұнай өңдеу зауыты жұмысын уақытша тоқтатты

Сурет: zakon.kz
Күрделі жөндеуге тоқтатудың алдында барлық резервуар парктері тауарлы өнімнің қажетті көлемімен толтырылған.

Шымкенттің мұнай өңдеу зауыты бүгіннен бастап жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын бастауына байланысты уақытша жұмысын тоқтатты. Бұл туралы «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС баспасөз қызметі жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкент мұнай өңдеу зауытының технологиялық қондырғыларына жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын жүргізу кестесі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен келісілген.

Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын орындауға, жабдықтардың сенімді жұмыс істеуін және де кәсіпорынның сапалы әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Зауыттың жаңғырту және реконструкциялау жобасын іске асыру аясында жаңадан RFCC каталитикалық крекинг кешені нысандарын өндіріс орнының нысандарына біріктіріп қосу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Ал, күрделі жөндеуге тоқтатудың алдында барлық резервуар парктері тауарлы өнімнің қажетті көлемімен толтырылған.

Еске салайық, мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасының бірінші кезеңі 2017 жылы аяқталды, ал жаңғырту жобасының 2-кезеңін 2018 жылдың үшінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді