Аман Төлеев Кемеров облысының парламент төрағасы болып сайланды

Сурет: zakon.kz
Аман Төлеевтің кандидатурасына дауыс берген 39 депутаттың 38-і қолдап, 1-еуі ғана қарсы дауыс берді.

Кемеров облысының халық депутаттары кеңесі сейсенбі күні кезектен тыс сессияда облыстың бұрынғы губернаторы Аман Төлеевті Кузбасс парламентінің төрағасы лауазымына бірауыздан сайлады, деп хабарлайды Baq.kz.

2016 жылдың қазан айында аймақтық кеңесті басқарған Алексей Синицын өкілеттігін уақытынан бұрын доғару туралы өтініш жазып, депутаттардың Төлеевке дауыс беруіне мүмкіндік жасады. Депутаттар Синицыннің бұл өтінішін қолдап, оның орнына Төлеевті сайлады. Аман Төлеевтің кандидатурасына дауыс берген 39 депутаттың 38-і қолдап, 1-еуі ғана қарсы дауыс берді.

Төлеев «Зимняя вишня» сауда үйінде болған өртке қатысты ары таза екенін, себебі қолдан келгеннің бәрін істегенін айтты.

«Адам қайғыда сыналады, сіздер мені тастап кеткен жоқсыздар. Мен сіздердің тараптарыңыздан қолдау көрдім. Сол үшін сіздерге рахмет! Сайлаудан кейін тіпті Кузбасстың қай жерде орналасқанын білмейтін адамдар тарапынан да әртүрлі жағымсыз әңгімелер айтылады», - деді Төлеев парламентте.

Ол 1990 жылды есіне алғанын, себебі сол жылы ол Кемеров теміржолының бастығы болғанын, 250 депутат оны дәл осылай облыстық халық депутаттары кеңесінің төрағасы етіп сайлағанын айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Алматы маңындағы көрікті жерлер