Батыс Қазақстан тұрғындары мектепке қайықпен барып жүр

Sputniknews.kz
Қар күрт еріп, ауыл көшесінің бір бөлігін су алып кеткен, деп хабарлады Тасқала ауданы әкімі Санжар Әлиев.

Батыс Қазақстан облысында қар күрт еріп, ауыл тұрғындары мектепке қайықпен барып жүр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Видеоны Тасқала ауданының ауыл тұрғыны түсіріп жіберіпті. Мектепке апаратын жолды су алып кеткен. Қайықта отырған ер адамның айтуынша, бұл Чижа-2 ауылындағы Бельский көшесі.

"Мектепке қайықпен барамыз", — дейді ер адам.

Тасқала ауданы әкімі Санжар Әлиевтің айтуынша, қар күрт еріп, көшенің біраз бөлігін су алып кеткен. Мектепке жаяу жетуге де болады екен.

Ауылдағы үйлерге су кірмеген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз