Түркістанда жас келіншекті өлтірген таксист оқиғаның қалай болғанын баяндады

kz.otyrar.kz
Жас жігіт жасаған қанды қылмысын біртіндеп баяндап бергенде, марқұм келіншектің анасы көз жасын тыя алмады.

Түркістанда 24 жастағы келіншекті айуандықпен өлтірген күдіктіге қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы басталды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Күдіктінің өзі бірінші сот процесінде-ақ кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін мәлімдеді.

Жәбірленуші тарап зорлықпен өлтірген күдіктіге қатаң жаза беруді талап етті. Жас жігіт жасаған қанды қылмысын біртіндеп баяндап бергенде, марқұм келіншектің анасы көз жасын тыя алмады.

Еске салайық, қаңтар айында Түркістан қаласында 24 жастағы келіншекті такси жүргізуші айуандықпен өлтірді деген ақпарат бүкіл елді дүр сілкіндірген еді. Зорлықпен қаза тапқан азаматшаның денесі екі аптадан кейін ауылдың шетіндегі қамыстың ішінен табылған. Алғашқыда марқұм келіншектің ұялы телефоны күдіктінің өзінен табылса да кінәсін мойындамаған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы