Әлем картасында жаңа мемлекет пайда болды

Sn.kz
Эсватини корольдігі Африканың оңтүстігінде Оңтүстік Африка респуликасы мен Мозамбиктің аралығында орналасқан.

Африкадағы соңғы абсолютті монарх, Свазиленд королі Үшінші Мсвати өз елінің атауын Эсватини корольдігі деп алмастырды. Бұл туралы Reuters агенттігі жазып отыр. Свати тілінен аударғанда бұл атау «свази жері» деген мағынаны береді, деп жазады Sn.kz.

Мұндай шешімін король ел тәуелсіздігінің 50 жылдығы мен өзінің 50 жасқа толған туған күніне арналған мерекелік шара барысында жұртқа жария етті. Мемлекет атауын өзгертуге себеп болған ең бірінші жайт - жұрттардың Свазиленд пен Швейцария атауларын шатастырып алуы (Swaziland — Switzerland).

Эсватини корольдігі Африканың оңтүстігінде Оңтүстік Африка респуликасы мен Мозамбиктің аралығында орналасқан. Ол Ұлыбританиядан тәуелсіздігін 1968 жылы алды. Халқының саны шамамен 1,35 миллион адам. Бірақ, бұл нақты мәлімет емес. Өйткені, елдегі ересек адамдардың төрттен бірі (26,1 пайызы) иммун тапшылығы вирусын жұқтырған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі