Астанада ер адам әйелін 25 рет пышақтап, өзі балконнан секіріп өлді

Тoday.kz
Оқиға 17 сәуір күні Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.

Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінде көлік жүргізушісі болып жұмыс істеген ер адам әйелін 25 рет пышақтап, өзі балконнан секіріп өлді, деп хабарлайды КТК арнасы.

Оқиға 17 сәуір күні Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.

Бейресми мәліметтерге сәйкес, ер азамат ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде көлік жүргізген, бірақ комитеттің сапында қызметкер болмаған.

Бірақ, ол қайғылы оқиға болардан 10 күндей бұрын өз еркімен жұмыстан шығып кетіпті.

«Ол әйелінен көзіне шөп салды деп күдіктеніп, ашумен 25 рет пышақ ұрған. Сосын өзі де балконнан секіріп кеткен. Екеуі де қайтыс болды. Олардың артында 2 кішкентай бала қалды. Күні кеше екеуінің денесін ОҚО-дағы туған жеріне алып кетті. Енді сол жерде жерленбек», – деп мәлімдеді ақпараттық агенттіктің дереккөзі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды