СҚО-да газ бағасын негізсіз көтергендер 4 млн теңге айыппұл төлейді

Хабар 24
Петропавлда газ тасымалымен айналысатын үш бірдей компания үш айда көгілдір отынның бағасын үш мәрте қымбаттатқан.

Солтүстік Қазақстан облысында оңай олжаға кенелмек болып, газ бағасын негізсіз көтергендерге төрт миллион теңге көлемінде айыппұл салынатын болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Петропавлда газ тасымалымен айналысатын үш бірдей компания үш айда көгілдір отынның бағасын үш мәрте қымбаттатқан. Мұндай заңбұзушылықтарды арнайы тексеріс жұмыстарын жүргізген облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің мамандары хабарлап отыр. Яғни көп асауды ойлағандар былтырдан бастап 68 теңге тұратын газдың 1 литрін 73 теңгеге дейін өздері өсірген. Қазір жинақталған іс мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілді.

– Тексеріс барысында үш бірдей компания өткен жылдың қараша айынан бастап, үстіміздегі жылдың қаңтарына дейін газдың бағасын негізсіз көтергендігі анықталды. Енді олардың ісі сотта қаралады. Соттың шешімімен тасымалдаушылар тапқан табысынан 3 пайыз айыппұл төлейтін болады. Бұл шамамен – 4 миллион теңге, - деді облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары Наталья Шаяхметова.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды