Жетісудағы ең көрікті жерлердің бірі – Көлсайда лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды Хабар 24.
Мамандардың баяндауынша, қазір жылыстаған тау жынысы Көлсай көлінің арнасына жеткен. Сағатына бір метрден жылжып келеді. Қоймалжың топырақ көлдің арнасын жауып тастауы мүмкін. Бірақ су жаңа арнамен ағуы ықтимал. Қазір оқиға орнына түрлі техникалар жеткізіліп, жағдай жіті бақылауға алынды. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Сондай-ақ облыс əкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Саты ауылына апаратын жол жабылды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл жол ашық. Тау жынысының қозғалуы «Көлсай көлдері» ұлттық саябағының кардоны маңында орын алған.
– Бұл жерде 42 техника, оның ішінде инженерлік техникалар жұмыс жасауда, - деді Алматы облыстық ТЖД басшысы Дарынбек Байсариев.