Алматы облысында браконьерлер балықтың уылдырығын жоятын ауды қолданған

 www.24.kz
Мұндай кәсіпшілік балықтардың уылдырық шашуына және көбеюіне кедергі келтіреді.

Алматы облысында «Уылдырық» шарасы өтіп жатыр. Полиция қызметкерлері санаулы күннің ішінде заңсыз балық аулаудың 46 дерегін анықтады. Оның төртеуі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру барысында балық аулайтын 40-тан астам құрал тәркіленді, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Мамандардың айтуынша, Іле өзеніндегі браконьерлік кәсіби сипат алып бара жатқанға ұқсайды. Заңсыз балық аулаушылар арнайы киімдер киіп, жоғары жылдамдықтағы катерлерді пайдаланады. Әрі Қытайда өндірілген торларды қолданған.

Мұндай кәсіпшілік балықтардың уылдырық шашуына және көбеюіне кедергі келтіреді.

Айгерім Көпбаева, облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі: - Соңғы дерек Балқаш ауданында тіркелді. Жергілікті тұрғын ұсталып, одан 200 килограмм балық, заңсыз ауланған балық алынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда полиция атынан жалған айыппұл жіберу деректері көбейген

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Қазақстанда диқандарға арналған дизелге цифрлық және түстік бақылау енгізді